Меню

Жоба туралы

Тарихы

Табиғаты

Мекемелер

Әкімшілік

Амбулатория

Мәдениет үйі

Туризм орталығы

Тұлғалар

Ауылды қолдау

Ауыл үшін жылына кемінде бір рет көмек беруді ұсынамын. Көпшілігіміздің жылына бір рет екі мың немесе одан көптеу қаржы беруге мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Ауыл үшін дəл өзінің қосқан үлесінің арқасында нақты іс шешілетініне көзі жетсе кім-кімде мүмкіндігіне қарай қолдайтынына сенімдімін. "Көп түкірсе көл" демекші аз-аздан жинасақ та бəріміз қолдап кетсек нəтижелі іс қыларымыз анық!

Осы жобаның аясында ең алғашқы көмегіміз ауыл мектебіне кемінде екі компьютер жəне бір сканер, ксерокс, принтер (үшеуі біреуде)  сатып алып беруді жөн санадық. Бұл компьютерлерді мектеп мұғалімдері жəне оқушылар қажет қағаздарын теруге жəне қағазға басып шығаруға қолданады.

Мектепте мұғалімдерге сабаққа қажет материалдарын шығаруға  компьютер мен принтер жоқ екен. Информатика пəнін оқыту үшін соңғы рет компьютерлер 2007 жылы алынған. Ауылда оқушылардың бəрінде бірдей үйлерінде де компьютер жоқ екені белгілі. Ауылда интернеттің жылдамдығы жақсы. Қажет бағдарламаларды жүктеп, өз ынтасымен үйренуге ниеттілерге компьютер қол байлау болу мүмкін. Сондықтан компьютер көбірек алынса тіпті жақсы болады деп ойлаймын. Əзірге екі компьютер жəне бір сканер, ксерокс, принтерге (үшеуі біреуде) қажет қаражатты жинасақ жақсы болар еді.

Іске сəт!

Құрметпен, Жантас Набиоллаұлы

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru