Меню

Жоба туралы

Тарихы

Табиғаты

Мекемелер

Әкімшілік

Амбулатория

Мәдениет үйі

Туризм орталығы

Тұлғалар

Сайттың құрылымы

Сайт бес бөлімнен тұрады. Біріншісі "Егіндікөл ауылы" деп аталады. Онда сайт мақсаты, тарихы, табиғаты, мекемелер, тұлғалар батырмалары бар. Əрқайсына кіріп таныссаңыз бəрі түсінікті. Екінші бөлім "Ауыл тынысы" деп аталады. Бұнда ауыл жаңалықтары орын алмақ. Үшінші бейне бөлім. Ауылдың тарихы туралы қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі "Дешті-қыпшақ даласы" бейнеролигі жəне ауыл туралы əн бейнеклипімен.

Төртінші бөлім "Ауыл жанашыры". Бұнда ауылға ең қажет-ау деген тауар, қызмет, жұмыс түрін жəне шамамен оған қажет қаражатты көрсетеміз.  Ауылға жанашырлық танытып қаржылай қолдаушылардың көмегімен қажет қаржы жиналғанда жоспарлағанымызды сатып алып ауылға тарту етеміз. Жиналған қаражатты нақты көрсетілген бағытқа  жұмсаймыз. Ауылға қатысы бар кез-келген адам өз қалауымен жобаны құп көріп қолдау білдіруге ниетті болса ақшаны жоба үйлестірушісіне қолма-қол немесе осы сайттағы "Ауыл жанашыры" бөліміндегі "көмек беру" батырмасы арқылы кез-келген банк карточкасымен төлей алады. 5% банк операрциясы жəне салық үшін ұсталады. Қалғаны жобаға жұмсалады. Ауылдан шыққандар өзге қалалар емес, тіпті шетелде барын ескеріп сайт арқылы ақша қабылдауды іске қосып отырмыз. Енді ауылға қол ұшын созамын десең ешкімді іздемей-ақ осы сайт арқылы жүзеге асыруға болады. Алыстағылар да қайырлы іске қолұшын береміз десе қолайлы тетік жасаулы.
Қаржылай қолдау білдіргендердің тізімін осы сайтта жариялап отырамыз жəне жиналған ақшаға атқарылған істердің есебінде беріп, тізімді ауыл мектебіндегі музейге тапсырамыз. Яғни берілген ақша нақты қайда жұмсалғаны ашық, əр адамға түсінікті, есебі болмақ.

Бесінші бөлім "Егіндікөл орта мектебі". Бұл бөлімде мектептің тарихы, ұжым, түлектер, музей, мəлімет ұсыну батырмалары бар. Əр батырмадағы мəліметтерді жүйелі толтыру қажет. Бұл жерде мектеп ұжымының көмегі қажет. Түлектер батырмасын бассаңыз жылдардың тізімі бар. Өзіңіздің мектеп бітірген жылыңызды ашсаңыз сол жылғы түлектердің тізімі шығады. Тізімге мектепті аяқтамай ауысып кеткендерді де қостық.Төмен жағында мектеп қабырғасындағы қызықты суреттеріңіз орналасады.  Қажет десе əр адам өз өмірбаянан ұсына алады. Оны аты-жөніне басса ашылатын етіп мүмкіндік жасалды. Бұл айдардағы мәліметтерді толықтыруға өздеріңіз ынта танытып əрекет етуіңіз қажет-ақ.  Сонымен қатар осы сайтқа мəлімет жинақтау, енгізу жұмыстарына мектеп оқушыларын жұмылдырсақ оларға болашақта аса қажет тəжірибе болмақ.

Бұл жоба арнайы қаржыландырмағандықтан бəрін бірдей қамтып қажетті мəліметтермен  толтыру мүмкін емес. Тіпті қажет емес те болар. "Түлектер" айдарын мүмкіндігінше белсенділердің көмегімен ғана толықтыра аламыз. Өзінің мектеп бітірген жылына класстастарының тізімін, мектепте оқыған кездеріндегі суреттерін  ұсынса бұл айдар жылдам толығар еді. Одан əрі қаласа əркім өзінің қысқаша өмірбаянын жолдауға да болады.  Сайтта "мəлімет ұсыну" батырмасы бар. Осы батырма арқылы мəліметтерді суретімен ұсына аласыз.

Құрметпен, Жантас Набиоллаұлы

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru