Меню

Жоба туралы

Тарихы

Табиғаты

Мекемелер

Әкімшілік

Амбулатория

Мәдениет үйі

Туризм орталығы

Тұлғалар

Егіндікөл ауылының тарихы

Ауыл тарихы-ел тарихы

Егіндікөл - Батыс Қазақстан Облысының Қаратөбе ауданындағы село. Аудан орталығы Қаратөбеден 90 км. Халқы-1187 /2017 ж/ жергілікті турғындары қазақ.

Егіндікөл жер аты. Есанаман тауының етегіне егін салған Сейтек руы тарыдан жылма-жыл мол өнім алган соң, бұл жерді “Егіндікөл” деп атаған. Себебі көгерін шыққан көп тары көлкіп жатқан көлдей болып көзге көрінеді екен.

Ауылда 1928 жылы ''Гигант'' және ''Коммуна'' серіктіктері құрылған 1929 жылы ''мойынқос'', 1931 жылы Артель болып ұйымдасқан 1938 жылдың аяғында ''Соцтализм'' және ''Жаңа қоныс'' колхоздары болып іріленіп қайта құрылды. Қарт коммунист, малшы Сәлімгерей Жұматаев колхоздың алғашқы басқарма төрағасы болды.

Ол Қазақстан Орталық атқару комитетінің мүшесі болған. 1950 жылы бұл екі калхоз біріктіріліп ''Социализм'' колхозы болды. 1957 жылы осы колхоздың негізінде Қоскөл қат совхозы құрылды. 1967 жылы Егіндікөл совхозы болып өз алдына бөлініп шықты.

Совхоздың алғашқы директоры Нұрғалиев Ғабдолла болды. 1970-1973 жылдары Әлиев Әбдірашит, 1973-1983 жылдары Матжанов Жүсіп, 1983-1995 жылдары Карманов Хамит. Егістік жері 9 400 га болды. 1967-1975 жылдары совхозда 2240 бас ірі қара, 21 364 бас қой, 468 жылқы болды. 1975-7986 жылдары 1553 бас ірі қара 28 339 бас қой, 427 бас жылқы болды. 1987-1990 жылдары егіс көлемі 10 000 га, 2514 бас ірі қара, 30 642 бас қой, 280 бас жылқы болды.

1993 жылы Егіндікөл совхозы Егіндікөл ұжымдық кәсіпорны болып құрылды. Оның құрамына Бұлақ, Жігерлен, Тұщықара жөндеу шеберханасы және Тұлпар автомашина шағын кісіпорындары біріктірілді. Сонымен бірге Перден, Дидар шаруа қожалықтары, бір отбасының звено, Бірлік қыша майын дайындайтын, Мурат тері илейтін, Дан ұн тартатын, Сәулет курылыс кооперативті және бір наубайхана жұмыс жасады.

1995 жылдың қыркүйек айынан - 1999 жылдар аралығында Егіндікөл өндрістік коператив төрағасы болып Тоқсанов Қайыржан басқарып келді.

1995-2011 жылдары Ғабдолов Төлеген Қаресұлы басқарды.

2011-2015 жылдары Есендосов Мербол Мағзомұлы

2015 жылдан бастап Зейнуллин Абат Кәрімұлы басқарып келеді.

 

«Сарматтар мекені». Жантас Сафуллин

Тарихты білу, зерттеу не үшін керек? Менің ойымша, мұның ең басты екі негізі бар. Біріншіден, өткенімізді біліп, болашақты саралау үшін керек. Екіншіден, өткеніміздің жақсы жағын алып, болашақ ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу үшін қажет. Туған жерінің тарихын терең білмей, елдің, әлемнің тарихын білем деу – қате. Әр адам өзі туып-өскен жерді елінің, әлемнің тарихымен байланыстыра зерделесе, оң болады.

Менің туған ауылым Егін­ді­көлдің маңында тарихи тамыры терең обалар өз зерттеушілерін күтуде. Соңғы кезде мемлекетіміз тарихты қайта зерделеуге аса мән беріп жатыр. Сондықтан бұл обалардың да сыры толық ашылатын күн де жақындаған болар. Кеңес үкіметі тұсында «Лебедевка қорымы» атауымен танылған, археологтар қазба жұмысын жүргізген бұл обалардың сарматтар кезеңіне жататынын бүгінде көпшілік түгілі, сол ауыл тұрғындарының өзі біле бермейді.

Толығырақ...

Тамыры терең ауыл тарихы

Кітаптың мұқабасы Егіндікөл ауылының сұлу табиғатын көз алдыңызға əкелсе, іші тамыры терең туған еліміздің тарихына толы. Атауы бір ауылдың тарихына қатысты болғанымен мазмұны тек өңірдің не Қазақ елінің ғана емес, күллі түркі жұртының өзара жымдасып, тамырланған тамырымыздан сыр шертеді. Бұл туынды санасына азаттықтың, халқына адал қызмет етудің дəнін сепкен əке еңбегінің жемісі. Ес білген сəттен шым-шымдап айтылған əңгімелерді естияр болғанда мəніне терең бойлай тырнақтап жинаған еңбектің жиынтығы. Тəуелсіздіктің мемлекеттен азаматының ой-өресімен ұласқаны. Ата-бабамыз мың жылдап мекен еткен ата қонысымызды танудың бастауы. Жерімізге бола осы бір ата қонысымызды тартып алу үшін отарлаушылардың мəңгүрт етуінен аман қалуымыздың айғағы. Шыңғыс Айтматовтың "Найман ана" əңгімесінде мəңгүртке айналған баланы анасы қанша жерден есіне кім екендігін түсіргісі кеп талпынса да еш нəтиже болмай, ақырында ұлының басымдағы түйе қапты шешеді деген қауіппен анасын садақпен атып өлтіруі қандай қайғылы қасырет. Дəл осындай айуандықтың қорлығын қазақ халқы басынан өткерді. Жерімізді тартып алуды көксегендер бір адамды емес бүкіл қазақ халқын ана тілінен, кəрі тарихынан айырып, көнбегендерді қырып-жойып, қалғанын мəңгүрт етуге барын салғаны баршаға аян. Өз қолымыз өз аузымызға жетіп, дербестікке қол жеткізсек те осы зорлықтың салқыны бойымыздан əлі арылған жоқ. Əр адамның ең болмағанда өзі туып-өскен ауылының тарихынан бейхабар болуы осының дəлелі. Бұл еңбек бойдағы мəңгүрттіктің сарқыншықтарын шығарып, адамның ой-санасына жаңа шуақ түсірмек, үзілген тамырларды жалғамақ.

Толығырақ...

 

 

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru