Шалменов Мәлік Шалменұлы

БҚО Қаратобе  ауданы, Егіндікол ауылында дуниеге келген. Сегізінші сыныпты бітірген соң, Орал ауылшаруашылық техникумының ветеринария боліміне оқуға тусті. Техникумды аяқтаганнан кейін Қаратобе ауданының, Егіндікол совхозында веттехник болып жұмыс жасады. 1967-1969 жж аралығында Кенес Армиясының сапында Түркімен ССР әскери болімдерінде Отан алдындағы борышын отеді. Әскерден келген соң совхоздағы жұмысын жалғастырды.

1970 жылы Алматы зооветеринарлық институтына тусті. 1976 жылы оқуды үздік аяқтап, Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтының ұсынысы бойынша жабылып қалған Батыс Қазақстан ғылыми зерттеу станциясының гельминтологиялық боліміне  тоқтап қалған жұмысты жандандыру үшін жіберілген еді. Осы станция Қазақстан Республикасындағы ең конеден келе жатырған 1-ші ветеринарлық станция болып табылады. 2018 жылы озінің 121 жылдығын тойлайды.

1976-1987 жж аралығында Батыс Қазақстан станциясында гельминтологиялық болімінің аға ғылыми қызыметкері. 1986 жылы Жалпыкенестік К.И.Скрябин атындағы гельминтология институтының аспирантурасын (ВИГИС) тәмамдады.

1987 жылы « Биология Echinococcus granulosus / Batsch, 1786/ атты Батыс Қазақстанда эпизоотология ерешеліктері мен эхинококкоздың алдын алу шаралары жонінде кандидаттық диссертациясын қорғады, ал 2009 жылы « Батыс Қазақстанда эхинококкозбен куресудің ғылыми негіздері» атты тақырыпта ветеринария ғылымдарының докторы дәрежесін алды.

1991 жылы Жоғарғы аттестациялық комиссияның ұйғарымымен М.Ш.Шалменовке «Гельминтология» мамандығы бойынша доцент дәрежесі берілді, прорфессор ( 2011),  2014 жылы халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі дәрежесіне ие болды.

1987 жылдың желтоқсан  айы мен 2006 жылдың тамыз аралығы айларында Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринарлық станциясында директор қызыметін атқарды. Оның басқаруымен ғалымдар ауылшаруашылығы мен обылыс тұрғындарының денсаулығына қауіпті мал шаруашылығындағы біруцеллез, туберкулез және эхинококкоз ауруларының алдын-алу шаралары проблемаларын шешуге бағытталды. Қазіргі таңда Жәнгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Эпизоотология, паразитология және ВСЭ» кафедрасының профессоры, магистрлар мен доктаранттардың ғылыми зерттеушіліктерін басқарады.Оның ғылыми жетекшілігімен 10 магистр, 1 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы диссертациялары және 50 шақты диплом жұмыстары қорғалды. Қазіргі уақытта 1 магистрантқа, 1 PhD докторына жетекшілік жасауда. Өзі оқыған Қаратобе ауданының Егіндікөл орта мектебіне 2012 жылдан бастап жақсы оқитын 3 оқушыға жылына 120000 тенге көлемінде профессор Шалменов Мәлік атындағы шәкіртақы тағаиындап, өз қаражат есебінен төлеп отыр.

М.Ш.Шалменовтың 230  ғылыми еңбектері, соның ішінде 46 ғылыми әдістемелік нұсқау, ұсыныстар, 6 оқулық, оқулық құралдары, 9 авторлық  куәлік, 6 ҚР алдын ала патенті, 2 ҚР инновациялық патенті, 12 плакаттары бар. Облыстық газеттерінде малдәрігерлік ғылымының басым бағыттарын ұйымдастырылуда және болашақта дамуына арналған 23 мақалалары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Көп жылғы ғылыми-өндірістік еңбегі үшін КР ауылшаруашылық Министрлігінің, Қазақ МҒЗИ, ҚР Облыстық аумақтық басқармасының, БҚО әкімінің Құрмет Грамоталарымен, бірнеше рет Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректорының, деканың грамоталарымен , «ҚР ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Батыс Қазақстан облысындағы ветеринария саласындағы сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Ветеринария саласында сіңірген еңбегі үшін», «Ғылым және білім шыңы» медалдарымен марапатталды. Жары Шалменова Алипа Ғалиқызы екеуі 3 қыздарымен, куйебалдарынан 6 жиен, немерелер сүиіп отыр.

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru