Сафуллин Жантас Набиоллаұлы

Сафуллин Жантас Набиоллаұлы – 1982 жылы 6 тамызда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы мектепті бітірген соң Қазақстан гуманитарлық заң университетінің заңгер және Батыс Қазақстан «Евразия» менеджмент және тілдер институтының қаржы мамандықтары бойынша жоғары білім алды.

Ол студенттік кезден-ақ  қоғамдық және ғылыми жұмыстарға белсенді араласты. Бірнеше рет жас ғылымдар мен студенттердің ғылыми-теориялық  конференцияларында баяндамалар мен хабарламалар жасады. Мұнда оның мемлекетіміз және құқық саласының көкейкесті мәселелері туралы еңбектері жоғары бағаланып, І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Студент жастар арасында озық көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленіп, «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі болды. Жастар арасындағы акциялар мен жобалар, республикалық тәуелсіз студенттік олимпиадалар мен кәсіптік және жас дизайндар байқауы, «Үздік ди-джей Қазақстан» байқауы, «Өз елінің батыры» сенбіліктері және  «Балаға кітап сыйла» акцияларын ұйымдастырып, оларды іс жүзіне асыруға атсалысты.

Өзінің еңбек жолын Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің заң факультетінде азаматтық құқықтар кафедрасында мұғалім болудан бастады. 2003 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі таңға дейінгі еңбек жолы Батыс Қазақстандағы ең үлкен медиахолдинг «Жайық Пресс» ЖШС-мен өте тығыз  байланысты. Бұл жерде аға менеджерден бастап барлық кәсіби және шығармашылық шыңдалу сатыларынан өтті. 2005 жылы «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының қаржы-экономикалық сұрақтары бойынша орынбасары болса, 2010 жылдың қазан айынан бастап осы мекеменің бас директоры болып тағайындалды. Қазіргі уақытта Жантас Набиоллаұлының басқаруымен «Жайық Пресс» ЖШС 2 облыстық және 12 аудандық газеттерді, сонымен қатар өзінің ақпараттық орталығы және  республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерін басып шығаратын  баспаханасымен ерекшеленеді. Ұжым құрамындағы 200-ге жуық адамның барлығымен жылышырай тіл табысып, Елбасының салиқалы саясатын, Жолдауын және маңызды жаңалыктарды, Батыс Қазақстан облысының қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі болып жатқан толағай табыстар туралы хабарларды уақтылы халыққа жеткізуде бір кісідей ұйымшылдықпен жұмыс жасап келеді.

Адам өзінің жеке басының қамы үшін емес, қоғам мүддесі, ұрпақ болашағы үшін өмір сүруге, сол үшін игілікті істер жасауы керек. Жантас Набиоллаұлының бойынан осындай қасиеттерді еркін байқауға болады. Оның ұлтымыздың құндылықтары болып саналатын мәдени мұралар туралы зерттеулері, соның ішінде жатпай-тұрмай ізденістің арқасында 2011 – 2013 жылдар аралығында осы уақытқа дейін бей мәлім болып келген Орда және Орал қалаларында «Қазақстан» деген атпен басылып шыққан газеттіміздің алғашқы нұсқаларын тауып, оның 16 номерін «Қазақстан» деген кітапқа топтастырып,басып шығарудың өзі үлкен еңбектің нәтижесі. «Қазақстан» кітабының дүниеге келуіне бірден-бір себепкер осы Жантас Набиоллаұлы екенін зор мақтанышпен айтуға болады. Абайдан кейінгі дәуірдегі ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде іргелі орын алатын ірі классик ақын, қазақтың жазба, көркем әдебиетін дамытуда, әдеби тілін қалыптастыруда  тарихта  ерекше орын алатын көрнекті Алаш қайраткері, ойшыл ақын Ғұмар Қараштың  шығармаларын толық  зерттеуде, осы ғұламаның «Қазақстан» газетінде редакторлардың бірі болып жұмыс жасағандығы туралы толық  ақпараттар жинауына үлкен септігін тигізгенін тілге тиек етуіміз тиіс. Ғұмар Қарашты кеңінен насихаттау барысында gumar.kz жеке сайтының ашылуы, Ғ.Қараш атындағы екі жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған «Тілші болғың келсе» атты байқау - осы Жантас Набиоллаұлының  тың, нәтижелі еңбектерінің жемісі. Осымен ғана тоқтап қалмай Ғ.Қараштың Москва қаласындағы тұрып жатқан Надежда атты немересіменде тығыз байлыныс орнатуға үлкен септігін тигізіп отыр. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға облыстық және аудандық газеттерге тілші болып қызмет жасау ұсынылады.

Облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінің 2013 жылы болатын 95 жылдық мерейтойы қарасаңында көрші Ресей елінің архивтік қорында сақтаулы тұрған газеттің алғашқы сандаранын фотокөшірме жасақталып, сонымен қатар газет мұражай экспонаттары жинақталып және  ардагер тілшілердің өмір жолдары туралы бірнеше  тарихи кітаптар басылымға дайындалды. Тілшілердің үздік мақалаларынан бөлек жинақ басып шығаруда басылымға дайындалып жатыр.

Қазақ әдебиеті мен тарихын насихаттау мақсатында Жантас Набиоллаұлының қолдауымен kazadebiet.kz, сайты құрылды және Республикалық тарихи-танымдық «Dana.kaz» журналы жарыққа шықты.

Жантас Набиоллаұлы «Нұр Отан» Халықтық демократиялық  партиясының Халықтық платформаларын жүзеге асыруда белсенді атсалысушылардың бірі. Ол бастауыш партия ұйымының төрағасы және  партияның облыстық  Саяси кеңес филиалының мүшесі. Жантас Набиоллаұлының  бастамасымен қызықты және үлкен ой салатын шараларда ұйымдастырылған болатын. Мұхит көшесінде орналасуымызға байланысты ұйымдастырылған «Біздің көше тұрғындары», «Алтын жүрек» мерекелік күй кеші, сонымен қатар қазақ халқының алып тұлғалары Абай, Құрманғазы, Махамбет, Дина, Ғ. Қараш, Ж. Досмұхамедовтар суреттері басылған оқушы дәптерлері осындай облыстық ауқымды қамтитын жүйелі игі істерінің нәтижесі.

Жантас Набиоллаұлының аймақтық қоғам өмірінде өзінің мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссияның, әрі облыстық әкім жанындағы ұлттық тарихымызды оқып,тану қоғамдық – кеңестік ұйымның мүшесі ретінде атқаратын ролі зор.Сонымен қатар ол республикалық басылымдағы көкейтесті мәселелер, адамгершілік, қазақ халқының тарихи шежірелері және ішкі туризимнің дамуы туралы мақаларының авторы.

Өзінің көп ізденістерінің нәтижесінде білімді, талантты, ұлттық тұлғаны дәріптейтін, толағайлы табысты еңбектерінің нәтижесінде өз әріптестері арасында үлкен беделге ие, үлгілі жан.

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru