Сафуллин Елдос Набиоллаұлы

Сафуллин Елдос Набиоллаұлы 1981 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Егіндікөл орта мектебін үздік бітірген. Мектеп қабырғасында үлгерімі жоғары болып, 10-11-сыныптарда математика пәнінен облыстық олимпиада жүлдегері (ІІ дәрежелі диплом) атанады. 1998 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына математика және информатика мамандығына оқуға түсіп, 2002 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін үздік бітірген. Университетті бітіргеннен кейін сол оқу орнында, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінде 2012 жылға дейін «математика», «информатика» кафедраларында оқытушы болды. Ғылыми зерттеу жұмыстары облыстық, республикалық конференция жинақтарында, білім және ғылым саласын бақылау комитетінің ұсынысымен ғылыми басылымдарда жарияланған. «Математика есептерін компьютер көмегімен шешу» (2006), «Оңтайландыру есептерінің кейбір түрлерін компьютерде модельдеу» (2006), «Информатикадан бейіндік курсты интеграциялау арқылы оқыту» (2007) тәрізді мақалалары, «Тригонометрия курсының әліппесі» (2011) оқу-әдістемелік көмекші құралының авторы.

Үлгерімі төмен мектеп оқушыларын үздік дәрежеге көтеруге негізделген әдістемесі арқылы Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарының талапкерлеріне дайындық курстарын жүргізді. Қазіргі күнде математиканы оқытуға арналған өзінің озық тәжірибелерін облыстың математика пәні мұғалімдеріне таратумен кеңінен айналысып келеді.

2012 жылдан Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары.

 

Қараталдағы қалақай

 

Қараталдан андыз қазып алу

 

Оралдан Егіндікөлге велосипедпен бару

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru