Есенов Самер Жантілесұлы

Есенов Самер Жантілесұлы 1915 жылы мамыр айының 18-ші жұлдызында Қаратөбе ауданы бұрынғы «Ханкөл» аулы, «Көкөзек» деген жерде (қазіргі Қоскөл совхозының №3 фермасы) дүниеге келген.

Шешесі   1926 жылы, әкесі 1930 жылы қайтыс болған. Бастауыш ШКМ мектептерін   бітіргеннен кейін Оралдағы  құрылыс техникумына оқуға түскен. 1934 жылы Орал педагогикалық институтының әзірлік бөліміне  түседі. Институтың 3-курсын бітіргенен кейін 1937 жылдың шілде айында денсаулығына байланысты 1 – жылдық демалысқа шығады. Облыстық оқу бөлімінің жолдамасы бойынша Қаратөбеге жіберілді. Содан  бері осы ауданның Қалдығайты, Қаратөбе, Варашилов атындағы 8-жылдық мектепте мұғалімдік жұмыс  жасап келді. 1946 жылдың  1 қыркүйекгінен 1949 жылдың қыркүйегіне дейін Орал педагогикалық институтында  оқытушы болып, институттың қалған курсын сырттай оқып бітіреді. 1952 жылдың 31 тамызынан 1953 жылдық қыркүйегіне дейін Қаратқбе аудандық оқу бөлімінде инспектор   қызметін атқарған. 1953 – 77 жылдары Егіндікөл орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдік қызмет атқарды  1963 жылдың қараша айында облыстық оқу бөлімінің жолдамасы мен Алматы қаласында өткізілген қазақ мектебінде істейтін орыс тілі мұғалімдерінің ғылыми маслихатына қатысады. Сол маслихаттың соңында Қазақ ССР оқу министрлігі «Қазақ ССР – ның   халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогымен марапатталады. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президимуының 1965 жылғы 15 тамызындағы жарлығы бойынша «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген   мұғалімі» атағы берілді. 1970 жылы В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына сәйкес мерейтойлық медалімен марапатталады. Сонымен қатар Қазақ ССР  Жоғарғы Кеңес Президумының  «Құрмет грамотсымен» иеленді.

1970 жылы «Русский язык в казахский школе» методикалық журналының №8 номерінде ол кісі туралы мақала шықты. 1975 жылдың 10 маусымында 60 жасқа толып зейнеткерлікке шықты. 1977 жылдың 13 қарашасында дүние салды.

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru