Төлегенов Хасан

 Туған жылы 2.12.1911 жылы.  Туған жері-Қаратөбе болысы, Бесоба ауылы.

 1921 жылы – Қаратөбе Коммуна мектебінде оқиды.

 1931 жылы- Орал қаласында ашылған КомВузға орналасты.

 1934 жылы-КомВузды аяқтап, бастауыш сынып және тарих  пәнінің мұғалімі мамандығын алады.

 1934-37 жылдары –Қарақоға бастауыш мектебінде мұғалім.

 1935-37 жылдары – Жақсыбай бастауыш мектебінде мұғалім.

 1950-52 жылдары – Қоскөл орта мектебінде мұғалім.

 1952-69 жылдары- Егіндікөл орта мектебінде жұмыс жасап, құрметті демалысқа  шықты.

 

 8.12. 1982 жылы – Қаратөбе ауылында қайтыс болды.

 

                                                                 

Әке туралы естелік

«Әкеміз ауылдың көнекөз қарияларымен, өзі тұтас әріптерімен өткен кезеңдегі ел басынан өткен әңгімелер туралы сөйлесуді ұнататын. Кейде ауыл сыртына шығып, көл жағалап, бұлақ басын жағалайтын. Сонда маған ол ауыл сыртындағы көк  шалғынды емес, ғасырларды кешіп, төскей мен Есенаман тауының қатпарларынан ғасырлар шежіресін оқып келе жатқандай көрінетін. Ел тарихын өте жақсы білді.  Аққұм туралы аңызды алғаш сол кісіден естідім.»

Айданай Хасанқызы

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru