Сатов Жұмағали

1916 жылы Қаратөбе ауданының Сабынкөл ауылында дүниеге келген.

1938 – 1939 жылдары Алматы облысының Шу ауданындағы Шу Ұлттық орта мектебінде мұғалімболып жұмыс істеді. 1939 жылдың қыркүйек айынан бастап, сол жылдың  желтоқсанына дейін Алматы қаласындағы Пединститутта оқиды. 1942 жылға дейін Қаратөбе аудандық оқу бөлімінде инспекторлық қызмет атқарды.

1942 – 1943 жылдары Қаратөбе ауданының Ворошилов атындағы 7 жылдық мектебінде директор және оқу бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1952 -1953 жылдары мұғалім болды. 

1953-1957 жылдары Қаратөбе ауданының Социализм жеті жылдық мектебінде, 1959-1963 жылдары Жымпиты ауданының Интернационал жеті жылдық мектебінде директорлық қызмет атқарады.

1964 – 1969 жылдары Саралжын орта мектебінде мұғалім болды.

1969 жылы Егіндікөл орта мектебінде ұстаздық етті.

«Ерен еңбегі үшін» медальмегн марапатталды.

1984 жылы қайтыс болды

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru