1931 жылы 13 желтоқсанда Қосағаш ауыл советінде қарапайым шаруа семьясында дүниеге келген. Жас кезінен ерекше зерек, ізденімпаз жан өзінің бар өмірін бала тәрбиесіне арнаған.

Сисенғалиева Хамия Орал қаласындағы  А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың  филология факультетінің тіл әдебиет бөлімін 1968 жылы бітіріп, туған жері Егіндікөл орта мектебіне келіп өз мамандығы бойынша 27 жыл еңбек еткен жан.Семьяда екі ұл, төрт қыз тәрбиелеген бүгінде үлгілі, зейнеткер ана.

Барақбаева Айжан Бердіғалиқызы қарапайым ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келген. Қаратөбе орта мектебін бітіріп, Орал пед-институтының биология-география факультетінде оқыған.

Сәуірбаева Ақкенже –25 жыл шәкірттер жүрегінде ұлағатты ұстаз, мұғалімдер арасында білікті де, білімді, парасатты әріптес бола білді. 1960 -1985 жылдары Егіндікөл орта мектебінде қазақ тілі  мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

1916 жылы Қаратөбе ауданының Сабынкөл ауылында дүниеге келген.

1938 – 1939 жылдары Алматы облысының Шу ауданындағы Шу Ұлттық орта мектебінде мұғалімболып жұмыс істеді. 1939 жылдың қыркүйек айынан бастап, сол жылдың  желтоқсанына дейін Алматы қаласындағы Пединститутта оқиды. 1942 жылға дейін Қаратөбе аудандық оқу бөлімінде инспекторлық қызмет атқарды.

 Туған жылы 2.12.1911 жылы.  Туған жері-Қаратөбе болысы, Бесоба ауылы.

 1921 жылы – Қаратөбе Коммуна мектебінде оқиды.

Есенов Самер Жантілесұлы 1915 жылы мамыр айының 18-ші жұлдызында Қаратөбе ауданы бұрынғы «Ханкөл» аулы, «Көкөзек» деген жерде (қазіргі Қоскөл совхозының №3 фермасы) дүниеге келген.

Сағынбай Нұрханұлы 1928 жылы Қосағаш ауылы Қаратөбе ауданы Шыңғырлау совхозында есепші болып бастаған. 1956-66 жылдар аралығында нефтебаза меңгерушісі болып жұмыс  жасаған. Осы жылдарда 8-10кластарда сырттай оқып аттестат алған.

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru