Мектеп тарихы

1929 жылы халықтардың қоныстану тығыздығына орай  балаларды оқыту ісі қолға алынған. Егіндікөлде алғашқы мектеп 1929 жылы ашылды. Мектептің меңгерушілігі қызметін Лұқпанов Ғабусан, мұғалімдік қызметін Сүлейменов Латиф атқарды.

1930 жылы Лұқпанов Ғабусанның басшылығымен 3 бөлмелі мектеп ашылды.Лұқпанов Ғабусан –ескіше де, жаңаша да оқып білім алған ұстаз, Жақсыбайдағы бір кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Егіндікөл мектебінде 3 жыл жұмыс жасаған соң оны 1932ж  Қоскөл бастауыш мектебі құрылысын тұрғызу мақсатында Қоскөлге ауыстырған, сонда жұмыс жасап 1939 жылы қайтыс болған.

1932-35 оқу жылдары мектпе меңгерушілігі қызметін Жанияров Халел атқарған. 1935 жылдың 1 қыркүйегінде бастауыштан 7 жылдық мектепке айналды, бірақ 5 класс қана болды.

1935-36 оқу жылы толық түрдегі  7 жылдыққа айналып, бюджеттік интернаты бар мектеп болып құрылды. Мектеп өз ауыл советін ғана емес, Қосағаш,  Алғабас, қазіргі Қоскөл, Шалғын ауыл советіндегі  бастауыш мектепті бітірушілерді де қамтыған.

1964 жылы Социализм 8 жылдық мектебі Егіндікөл орта мектебі болып құрылды. 

1980 жылы ескі мектеп орнына 11 жылдық жаңа мектеп ғимараты тұрғызылып, пайдалануға берілді.

1981-1983 жылдары Табынғалиев Қадір, 1983-1989 жылдары Бижанов Аманкелді, 1989-1995 жылдары Ахметов Какимолла басшылық етіп келді. Мектептің өркендеп өсуіне үлес қосан, ұзақ жылдар осы мектепте 1995-2014 жылдары Құрманғалиева Мақуза Айсағалиқызы алға жетелеп, басшылық етіп келді. Бүгінгі күні ол тізгінді 2014 жылдан бастап Муханова Ақмарал Ораққызы алып, басшылық жүргізіп келеді.

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru