Егіндікөлдегі семинар

1998 жылы мектеп бітірген ауыл түлектері биыл 20 жылдық аясындағы шараларын бастады. 2018 жылдың 28 сәуірінде мектеп мұғалімдеріне «Педагогтің кәсіби өсуі» тақырыбында қысқамерзімді 8 сағаттық оқыту семинары тегін өткізілді. Семинар жетекшісі – Сафуллин Елдос Набиоллұлы «Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Біліктілікті арттыру институтында директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады.

Сағат 900-де басталған семинар ауыл мұғалімдерін Біліктілікті арттыру институтының курстық және курсаралық шараларымен таныстырудан басталды. Педагогтер қашанда жұмысбасты. Түрлі бағытта жұмыстар жасайды. Қандай болса да жұмыс болған соң оны орындаушы немесе сырт көздің оған беретін бағасы да болады. Баға әрдайым жұмыс сапасын жетілдіруге көмектеседі. Олай болса, мұғалім жұмысының нәтижелілігі немен өлшенеді? Басты критерий қандай? Міне, осындай сұрақтарға бірлесіп жауап іздеуге құрылған семинардың жұмысы қатысушылардың зор қызығушылықтарын оятты. Өз жұмысының басты өлшеуішін ұғынған адам ғана күш жігерін маңызды іске шоғырландыра алады. Педагогикалық қызметінде жетістіктерге жетіп, өзінің кәсіби өсу жолын айқындай алады. Prezi.com веб-сервисінде дайындалған қызғылықты презентациялардың көмегімен «Математика оқулығы», «Қашықтық курстары», «Сабақ жоспары» тәрізді Өрлеудегі цифрлық технологияларға негізделген инновациялық жобалардың ауыл мұғаліміне ұсынатын мүмкіндіктері баяндалды.

Нәтижесінде 25 педагог сертификатталды. Сонымен қатар, мектеп директорына институт атынан дайындалған алғыс хат табысталды. Тойшыбаева Роза Нурлыбаевна, Утегалиева Альфия Орынгалиевна тәрізді тәжірибелі ауылдас ұстаздар өз қызметтеріне пайдаға асар мол мағлұмат алғандықтарын ризашылықпен жеткізді. Мектеп директоры Муханова Акмарал Ораковна осындай жұмыстың алда да жалғасын табуын қалайтынын айтса, тәлімгер қызметін атқаратын жас маман, ақын Жұбанов Еркінғали Қуанғалиұлы әріптестерінің сұрауымен шағын шумақтарын оқыды.

Фотогалерея

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru