Жерлестеріміз – жеңіс тұғырында

Орал қаласында спорт ардагері, самбо күресінен спорт шеберлері арасындағы әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Тілекқабыл Қамзиевті еске алуға арналған самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен ашық республикалық турнирден жерлестеріміз олжалы оралды. 

Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан палуандар боз кілемде бақтарын сынады. Боз кілемде палуандар қарсыластарына шабуыл жасау, қарымта тойтарыс беру арқылы алуан әдіс-тәсіл арқылы жеңіске жетуге ұмтылды. Белдесу барысында палуандар тек өзіне ыңғайлы деп тапқан кездерде шабуылға шығып, қарсыласының әр қимылын бағып, қолайлы сәт тудырған кезде күтпеген жерден әдіс шабул жасап, айласын асырады. Осылай жерлестеріміз қарсыластарына мүмкіндігінше лайықты қарсылық танытып, жеңіс тұғырынан көріне білді. Нәтижесінде 50-55 жас ерекшелігі бойынша 82 келі салмақта Қайрат Ниязов ІІ орынды иеленді. Ал, 35-39 жастағылар арасында 82 келі салмақта Дулат Қоламанов, 74 келіде Медетхан Қуанғалиев ІІІ орынға табан тіреді. Жас қорытындысы бойынша 68 келі салмақ дәрежесінде Екпін Тіналиев І орынға ие болды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА, Қаратөбе ауданы

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru