20 жылдыққа орай ауылға алма ағашы отырғызылды

Былтыр Егіндікөл орта мектебін 1998 жылы бітірген түлектердің соңғы қоңыраудағы 20 жылдығына қатысып, олардың дайындағын ауыспалы кубогын қабылдап алғанбыз. Сол шараның үстінде-ақ келер жылғы өзіміздің мектеп бітіргенімізге 20 жылдығымызға арнап өңіріміздің мықты ақын-жазушыларының кітаптарын мектепке табыстадық. Жыл бойы құрдастар қаражат жинап, енді жоспарлаған игілікті істерімізді бастадық. Сәуір айының 26 күні  ауылдағы мектеп ауласына 30 түп алма ағашын отырғыздық. Алдымен арнайы шұңқырлар дайындалып, арнайы қара топырақ әкеліп салынды, содан соң егіп, су құйылды.  Құрдастардың атынан ауылға Нұрлан, Әлібек және мен бардым. Марқұм Айдос құрдасымыздың зайыбы Гүлжазира ұлы Айдынмен және сынып оқушыларымен келіп көмектесті. Қазір мектеп қамқорлығына алып, уақытылы суарып, күтім жасауда.

Жантас Набиоллаұлы

 

© 2018-2019 egindikol.kz. Материалдарды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

    Кері байланыс    

Адрес:
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы

Email:
egindikolkz@ mail.ru